«Қазақстан-Қытай шекарасындағы «Қорғас» бақылау-өткізу бекетінде 8 қорапқа салынған, жалпы салмағы 80 келі болатын дәрі-дәрмекті контрабандалық жолмен өткізуге әрекеттенген 25 жастағы Қазақстан Республикасының азаматы ұсталды», делінген хабарламада.
Ұсталған азамат Қытайдан Қазақстанға жаяу өтіп келе жатқан. Аталған дерек бойынша материалдар Алматы облысының Панфилов аудандық прокуратурасына берілді.