Бұл туралы бүгін ҚР Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті жанындағы Консультациялық кеңестің отырысы барысында аталған ведомствоның басшысы Мәжит Есенбаев мәлім етті.
Соңғы бірнеше жыл бойы Қазақстан-Қытай шекара учаскесі күрделі проблемалар ордасына айналып отырғандығын жасырмаған ол: «Кедендік заңнаманың үнемі бұзылу тәуекелі бар. Бұл контранбандалық және жемқорлық бейінде көрініс табуда», - деді.
Кедендік бақылау комитеті төрағасының сөзіне қарағанда, аталған проблеманы шешу үшін бүгінде бірнеше нұсқа әзірленген. Олардың қатарында заңсыз көліктік-логистикалық компаниядарды құқықтық алаңға шығару, кедендік әкімшілендірудің кедендік процедуралары регламенттерінің ашықтығын әрі нақтылығын қамтамасыз ету шараларын іске қосу жоспарланған.