Қазақстан-Қытай шекарасында уақытша жұмыс істейтін мұнай құбыры салынады
15:43, 28 Қаңтар 2013
АСТАНА. 28 қаңтар. ҚазАқпарат - Қазіргі кезде Қазақстан - Қытай арасында тасымалданатын мұнай көлемін ұлғайту мәселесі қаралуда. Оны уақытша жұмыс істейтін мұнай құбыры арқылы шешу көзделіп отыр. Бұл туралы бүгін ҚР мұнай-газ минтсрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде аталған ведомствоның басшысы Сауат Мыңбаев мәлім етті. .
Оның хабарлауынша, аталған құбыр 2015 жылға дейін жұмыс істейтін болады. «Дәл сол кезде біз өз жеріміздегі 3 мұнай өңдеу зауытын қайта жаңғыртып, іске қосатын боламыз. Сөйтіп, ішкі сұранысты өзіміз қамтамасыз етпекпіз»,-деді С. Мыңбаев.
Министр атап көрсеткендей, ағымдағы жылы Қытай Халық Республикасында 500 мың тонна қазақстандық мұнайды өңдеу жоспарланған.