Қазақстан-Қытай туралы байқау: Үздік 25 автор марапатталды
Мамыр айында «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі мен Қытай Халық Республикасының Елшілігі «Бір белдеу, бір жол» бастамасы және «Нұрлы жол» бағдарламасы. Өзаратиімді өсім мен өркендеу траекториясы» тақырыбында байқау жариялаған болатын.
Конкурсқа бұрын жарияланбаған Қазақстан мен Қытай арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың тарихы мен стратегиялық басымдықтарына, XXI ғасырдағы Ұлы Жібек жолының жаңғыруына, қазіргі әлемдегі Қазақстан мен Қытайдың гуманитарлық миссиясына арналған сараптамалық материалдар қабылданды және түрлі номинациялар бойынша 25 үздік мақала анықталды.
Байқау нәтижесінде 61 жастағы ақтөбелік журналист Мирал Жармұхамбетов жүлделі бірінші орынды жеңіп алды.
«Байқау туралы ҚазАқпарат агенттігінің сайтынан оқыдым. Бұл мені қатты қызықтырды, себебі Қытай туралы көп нәрсе айтқым келеді. Балалық шағымда-ақ, әдемі Қытай картиналарына тамсанушы едім. Ақтөбеде тарихы 200 жылдан асатын ескі жәрмеңке болды, Ұлы Жібек жолының бір жолы осы жәрмеңкеге келіп тірелетін. Бұл туралы талай жазғанмын. Бүгінгі таңда Батыс Еуропа - Батыс Қытай жолы облысымыз арқылы өтеді. Осының барлығын эсседе көрсетуге тырыстым», - деді жеңімпаз журналистерге берген сұхбатында.