Қазақстан Қытайдың Ляньюньган портында жаңа инфрақұрылымдық жобалар құрылысына қатысады
Бұл туралы сәрсенбі күні Қытайда «ҚТЖ» ҰК» АҚ басшысы Асқар Маминмен кездесу барысында Ляньюньган қаласының мэрі Ян Шэнши хабарлады, деп мәлімдеді жергілікті БАҚ.
Келіссөздер барысында тараптар еуразиялық континеталдық көпірді әрі қарай дамыту, Ляньюньган порты және Қазақстан арасындағы сауда-экономикалық байланыстарды күшейту мәселелері бойынша пікір алмасты.
Мемлекеттік қолдаудың арқасында Ляньюньган портында қазіргі заманға сай инфрақұрылым бар және қызмет көрсету деңгейі жоғары, деп атап өтті Ян Шэнши.
«ҚТЖ» ҰК» АҚ басшысы хабарлағандай, соңғы жылдары Қазақстан және Қытай арасында көптеген салаларда тығыз байланыстар қорнауда, бұл біздің еліміз бен Ляньюньган порты арасындағы ынтымақтастықты кеңейту үшін маңызды болып табылады.
Ұзақтығы 11870 шақырым болатын жаңа еуразиялық континенталдық көпір Қытайдың Ляньюньган қаласы мен Нидерландыдағы Роттердамды байланыстырады. Еуразия елдерінің жаңа теміржол жолдарын дамытуға деген ұмтылысы Қытай мен Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше басқа елдері арасында тауар айналымының өсуіне оң әсерін тигізеді, деп жазады China Daily.