«Бүгінде біздің елдер екіжақты форматта да, бірқатар өңірлік және халықаралық ұйымдар аясында да өзара тығыз әрекет етіп отыр. Бірлескен күш-жігердің арқасында Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің мақсаттары мен міндеттерін өрістетіп келеміз», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Президенттің пайымынша, халықаралық саясаттағы қазіргі ахуал жаһан саясатындағы бәсекелес полюстердің арасына көпір орнату үшін көп күш жұмсауды қажет етеді.
«Төраға Си көтерген «Жаһандық қауіпсіздік бастамасы» әлемнің орнықты дамуында үлкен рөл ойнайды және заманның бұрын-соңды болмаған қатерлеріне шешімтал жауап бола алады. Сонымен қатар, Қазақстан Қытайдың Украина дағдарысын шешудегі ұстанымын жоғары бағалайды», - деді Мемлекет басшысы.