«Екі ел арасындағы тауар айналымын ұлғайту мақсатында Қазақстан металлургия, машина жасау, химия мен тағам өнеркәсібі саласында отандық тауар түрлері ассортиментін көбейтеді. Осы тауарлар позициясы шеңберінде Қазақстанда бірқатар кәсіпорын жұмыс істеп тұр», - деді ҚР Премьер министрінің бірінші орынбасары, Қаржы министрі Әлихан Смайылов.
Оның айтуынша, Қытайға экологиялық таза тауарларды жеткізу әлеуеті жоғары.
«Бүгінде отандық ауылшаруашылық өнімдерінің, атап айтқанда, ет, балық, бидай, соя бұршақтары, бал, ұн өнімдерінің 13 түрін Қытайға жеткізу бойынша келісімге қол жеткізілді», - деді ол.