«Қазақстан Қытайға жіберілетін ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын кеңейтуге мүдделі. Тек былтыр ауыл шаруашылығы өнімдерінің өзара сауда-саттық көлемі 780 млн доллардан асты. Қазақстан бұршақ дақылдарын, жоғары сапалы әрі экологиялық таза мұздатылған сиыр және қой етін жеткізуге дайын», - деді Президент.
17:44, 17 Мамыр 2023
Қазақстан Қытайға ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын кеңейтуге мүдделі
СИАНЬ. ҚазАқпарат – Қазақстан Қытайға ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын кеңейтуге мүдделі. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік сапары барысында Си Цзиньпинмен жүргізілген келіссөз кезінде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.