Қазақстан лаңкестік топқа қатысты деген күдікті азаматты Ресейге береді
14:15, 17 Тамыз 2010
АСТАНА. Тамыздың 17-сі. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстаннан лаңкестік жасауға дайындалған қылмыстық топқа қатысты деген күдікті РФ азаматы болып табылатын Сурхо Даутов Ресейге жеткізіледі.
РФ Бас прокуратурасының БАҚ-пен өзара іс-қимыл басқармасында хабарлағандай, оған РФ Қылмыстық кодексінің 2 бабы, 209 тармағында көрсетілген қылмыс бойынша айып тағылып отыр, деп хабарлайды РБК агенттігі.