Мемлекет басшысының атап өтуінше, екі елдің арасында Үкіметаралық қоршаған ортаны қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы келісім қабылданатын болады. Сонымен қатар Туризм саласында да келісімшартқа қол қойылмақ.
«Латвияның жоғары оқу орындарында туризм индустриясы саласындағы қазақстандық кадрларды дайындауға біз әр уақытта дайынбыз», - деді Елбасы.
ҚР Президентінің атап өтуінше, кездесу барысында көлік, ауыл шаруашылығы салаларындағы қарым-қатынастар, темір жол арқылы Латвияның порттарымен Балтық теңізіне шығу мәселесі, сондай-ақ Таяу және орта Шығыстағы, Ауғанстандағы ахуал жөнінде пікір алмасылған.