Төраға орынбасарының айтуынша, латвиялық шпроттар құрамында адам денсаулығына аса қауіпті заттар табылған. «Бүгіннен бастап Қазақстанның аумағына Латвия Республикасында өндірілген қалбырдағы шпроттарды әкелуге және сатуға тыйым салынды. Осыған орай, арнайы қаулы шықты. Бұл туралы біз Ресей мен Беларусьтағы әріптестерімізге хабар бердік. Латвияға да хабарластық. Олар да бұндай консервілерді тауып, тиісті жұмыстар атқарулары керек», - деді Н.Ұранхаев брифингте.
Оның айтуына қарағанда, Латвиядан әкелінетін шпроттардың құрамында бензопирен заты анықталған. «Бензопирен - бұл қауіптілігі жоғары сыныпқа жататын, қатерлі ісік секілді ауруларға себеп болатын зат екені мәлім», - деді ол.