Қазақстан М. Әблязовтің компанияларының біріне қарсы төрелік талқылауда жеңді - Әділет министрлігі

None
АСТАНА. 21 қазан. ҚазАқпарат - Қазақстан «KT Asia Investment Group B.V.» компаниясына қарсы төрелік талқылауда жеңді. Бұл туралы ҚР Әділет министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

2013 жылғы 17 қазанда Инвестициялық дауларды реттеу жөніндегі халықаралық орталықтың (ИДРХО) төрелік трибуналы «KT Asia Investment Group B.V.» (KT Asia) компаниясының талап-арызы бойынша Қазақстан Республикасының пайдасына шешім шығарды.

Талаптардың сомасы 1,5 миллиард АҚШ доллар шамасында болды. Осы төрелік талқылау 2009 жылы ИДРХО Конвенциясы және Қазақстан Республикасы мен Нидерланд Корольдігі арасындағы Инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келісімнің шарттары негізінде басталды.

«KT Asia» компаниясы Нидерландта тіркелген және Мұхтар Әблязовтің формальді түрде әрекет ететін және нақты коммерциялық қызметті жүзеге асырмайтын фирмасы болып табылады. Талапкер Республиканың оған формальді тиесілі БТА Банк АҚ-да миноритарлы акциялар пакетін мүмкін ұлт меншігіне алғанын мәлімдеді.

Қазақстанға қарсы төрелік талқылау толығымен Мұхтар Әблязовпен қаржыландырылды. Қызметінің уақыты ішінде «KT Asia» компаниясы БТА Банкінің акцияларын және әкімшілік шығындарды өтеу үшін қаражаттары бар банк шотын ғана иеленді, талапкердің басқа активтері болмады.

«Қазақстан Республикасы «KT Asia» компаниясы активтерді біреуінен басқасына өткізу үшін қырнаулар ретінде пайдаланылған Әблязовтің бірқатар компаниялар тобына кіргенін паш ете алды. Трибунал БТА Банктің Әблязовке қарсы талап-арызы бойынша оның жүздеген компанияларын тізімдейтін активтерді шектеу туралы ағылшын сотының сот шешімі осындай тәжірибенің ауқымын көрсететіндігін белгіледі», - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, «KT Asia» компаниясы БТА Банктің акцияларын нарық құнынан жеті есе кем бағасына Әблязовке тиесілі болған екі сатушы-компаниялардан алған қарыз есебінен сатып алды. Қарыз сомасы және ол бойынша пайыздар төленбей қалды. Оның орнынан қарыз есептен шығарылып, «KT Asia» компаниясының қарызынан арылу мақсатымен осы екі компания таратылды.

Талқылау барысында Қазақстан Республикасы Әблязов БТА Банктің акцияларын өз компаниялардың арасында бөлу арқылы бірнеше жылдардың ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасын қасақана бұзғанын көрсетті. Сөйтіп талқылау шегінде Әблязов БТА Банк акцияларының 75,18% әр түрлі юрисдикцияларда құрылған бірқатар бөлек компаниялар арқылы иеленгенін мәлімдеді. Әр осындай компания БТА Банктің акцияларының 10% кемісін иеленді. Дегенмен, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құзыретті органның жазбаша келісімін алмастан тұлға банктің орналастырылған акцияларының он немесе одан астам процентін тікелей немесе жанама иелене алмайды. Алайда, Әблязов тиісті келісім алмаумен қатар мемлекеттік органдардан БТА Банктің ірі қатысушы екендігін әдейілеп жасырды.

Өз шешімінде төрелік трибунал «KT Asia» компаниясы инвестицияларды иеленбегенін және БТА Банкке үлес қоспағаны туралы Қазақстан Республикасының ұстанымымен келісті. Осылайша, «KT Asia» компаниясы және Қазақстан Республикасы арасында инвестициялық даудың жоқ болуына байланысты, Трибунал талапкердің талаптарын қарау бойынша юрисдикциясының жоқ екендігін мойындады және осы талап-арызды қарауды тоқтатты.

Осы төрелік талқылау бойынша Қазақстан Республикасының мүддерелін көрсету және қорғау бойынша жұмысты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі үйлестірді.