«Ірі қара малдың өңделмеген терісін Қазақстан Республикасы аумағынан шығаруға 6 айға шектеу қою мәселесі Сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның қолдауына ие болды. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі осыған орай бұйрық жобасын әзірлеп, ол мүдделі мемлекеттік органдармен келісу сатысында тұр», - делінген Үкімет басшысының жауабында.
Сонымен қатар Премьер-Министр осы мәселеге қатысты шешімді Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Мәжіліс депутаттарында қосымша хабарлайтындығын атап өткен.