«Медициналық сақтандыру жүйесінен бас тарту кері кету болып есептелер еді. МӘМС енгізігеннен кейін былтыр денсаулық сақтау жүйесіне қосымша 0,5 трлн теңге, биыл 800 лн теңге келді», - деп жауап берді Ажар Ғиният.
Министр ол қаражаттың қайда бағытталып жатқанына тоқталды.
«Бұл қосымша жаңа технолгиялар, қызметтердің аясын кеңейту, құрылғылар сатып алу, денсаулық сақтау саласына инвестиция салу, халықтың тұрмысы мен денсаулығын нығайту сияқты игіліктер деген сөз. Бұлардан қалай бас тарта аламыз? Сондықтан біздің міндет – МӘМС жүйесін жетілдіре түсу», - деді Денсаулық сақтау министрі.