«KASE-нің 47 пайызы Ұлттық қорға тиесілі. Қалған жеке меншік қаржы институттарының иелігінде. Сондықтан шешімді жалғыз қабылдамаймыз. KASE қазір келіссөз жүргізіп жатыр. Оның ішінде MOEX-пен де (Мәскеу биржасы), кез келген жол қарастырылып жатыр. Бәлкім сатып алу шарасы да болуы мүмкін», - деді Ұлттық банк басшысы.
Сондай-ақ, ол Ресей рублін Қазақстанда конвертациялауға шектеу қойылмайтынын мәлім еткен еді.
«Жоқ, қазіргі таңда шектеудің ешқандай қажеті жоқ. Өйткені біз көріп отырған құбылыс тек 1-2 процент көлемінде. Меніңше 1-2 процент үшін шектеу жасаудың ешқандай қажеті жоқ», - деді Тимур Сүлейменов.