Қазақстан медицинасы Эболаға қарсы күреске үлес қоса алады - ресейлiк ғалым

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан медицинасы жинақтаған мол тәжiрибе Эболаға қарсы күреске үлес қоса алады.

Бұл туралы Трансфузиологтардың Халықаралық қоғамының Шығыс Еуропа және ТМД бойынша басшысы, ресейлiк профессор Евгений Жибурт мәлiм еттi.

«Қазiргi уақытта Дүниежүзiлiк денсаулық сақтау ұйымы ұсынып отырған Эболаның басты сақтық жолы бұл ем-домға көнген адамның қан плазмасын құю болып табылады. Дегенмен ауру кең таралған аймақтардағы халық Эболамен ғана емес, өзге де вирустық инфекцияларға шалдыққан. Сондықтан Дүниежүзiлiк денсаулық сақтау ұйымына бүгiнде плазма мен тромбоциттердегi түрлi патогендерден арылту бағытында жұмыс жасап жүрген қазақстандық медицина ғалымдарының мол тәжiрибесiн пайдалануды ұсынар едiм», - дедi ол.

Оның сөзiне қарағанда, Қазақстанда донорлық қанды екi кезең бойынша тексеру жұмысы әлемдiк тәжiрибеге сай келедi және посткеңестiк мемлекеттерге үлгi болып табылады.

«Бiз донорларды екi кезең бойынша скринингтiк тексерiстен өткiзу тәжiрибелерiңiз жайлы бiлемiз. Қазақстан посткеңестiк аймақта тромбоциттердi патогендерден арылтуға қол жеткiзген алғашқы мемлекет атанбақ», - деп атап өттi. Е. Жибурт.