Ведомствоның хабарлауынша, қазіргі таңда елімізде 16 оқушыға 1 компьютерден келеді.
Қазақстанда 2005 жылдан бері мектептерді мультимедиялық лингафон кабинеттерімен жарақтау шаралары жүзеге асырылуда.
«Республика мектептерінде осындай 3450 кабинет орнатылған. Бағдарламалық қамтамасыз ету мұғалімге компьютер сыныбындағы сабақтың барысын толық бақылауға, оқушылардың қадағалауға, олармен сөйлесуге мүмкіндік береді», - делінген ведомство хабарламасында.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес білім ошақтарындағы оқу үдерісіне онлайн-оқыту жүйесі енгізілуде. Үш жылда 3571 мектеп интерактивті пәндік кабинеттермен жарақталды.
Арнайы бағдарламалық қамтамасыз етудің көмегімен үздік мұғалімдер мектептерде интерактивті сабақтар өткізуде. ал мұғалімдер үшін барлық пәндер бойынша интерактивті тренингтер жүргізілуде.