Қазақстан мемлекетінің құрылып жатқандығын ашық айту керек ? Д.Көшім

АСТАНА. Мамырдың 14-і. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Осы конференцияда түйген негізгі ойым – Қазақстан мемлекетінің құрылып жатқандығын ашық айту керек. Бүгін Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Қазақстан халқы Ассамлеясы Ғылыми-сараптамалық кеңесінің жұмыс жоспары бойынша өткен «Қазақстан халқы Ассамблеясы - қоғамды ұйымдастырушы институт»

халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының қорытынды отырысында саясаттанушы Дос Көшім осылай айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.«Шынымен де, бүгінде осы үдерістің кейінге кетпейтіндігін нақты көрсету қажет. Қазақ елінің басқа мемлекеттер сияқты келімсектер мекені болмайтындығын түсіну керек. Сондықтан Қазақстан халқы Ассамблеясы өткізген конференция біздің елімізге, ең бастысы, халқымыздың даму болашағына себеп болады деп білеміз»,- дейді Д.Көшім.Сондай-ақ белгілі саясаттанушы атап көрсеткендей, «бүгінде еліміздегі ұлтаралық келіспеушіліктерге алдын ала мониторинг жасауды қолға алу қажет. Біз этносаралық кикілжіңдер орын алғанда ғана қозғаламыз. Сондықтан басты мәселе ? осындай жағдайларға алдын ала мониторинг жасау».