Барлығы, ҚР АКМ-нің «МТҚ» РМК-ның Компьютерлік инциденттерге әрекет ету қызметі 21 интернет-ресурсқа бұзып кіруді тіркеген.
Өткен барлық инцидент бойынша ресурстардың иелеріне басып кіру салдарын жою мақсатында хабарлама жолданды. Қолда бар деректер бойынша интернет-ресурстардың басым бөлігі бір серверде орналасқан және бір осалдығы бар.
Бұл жағдай мазмұнды басқару жүйесін уақтылы жаңартуға (CMS), тиісті қорғаумен қамтамасыз етуге, инцидентті уақтылы анықтауға, жосықсыз өнім берушілермен интернет-ресурстарды сүйемелдеуге шарттар жасасуға интернет-ресурстардың иелері тарапынан бақылаудың жоқтығынан болуы мүмкін.
Қазіргі уақытта осыған ұқсас инцидентерді алдағы уақытта болдырмау бойынша жауапты адамдармен барлық қажетті шаралар қабылдануда.