Қазақстан мен АДБ арасында ынтымақтастық туралы жаңа негізгі келісімге қол қойылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Азия даму банкі Басқарушылар кеңесінің 47-ші жыл сайынғы отырысы аясында Қазақстан мен Азия даму банкі арасында ынтымақтастық туралы жаңа негізгі келісімге қол қойылды.

Аталған құжатты ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов пен Азия даму банкінің президенті Такехико Накао рәсімдеді.

Жаңа негізгі келісімге сәйкес Қазақстанның Ұлттық қоры мен АДБ еліміздің экономикасын әртараптандыруды қаржыландыру, тұрақты дамыту және жан-жақты өсімін қамтамасыз ету бағытында бірлесе жұмыс істейтін болады