Қазақстан мен АҚШ арасында Ауғанстанға теміржол арқылы арнайы жүкті транзиттеу туралы келісім мақұлданды - Мәжіліс
АҚШ-тың қатысуына байланысты Қазақстан Республикасының аумағы арқылы арнайы жүктің коммерциялық теміржол транзитін қамтамасыз ету туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасын мақұлдады.
Қазақстан Президенті Н. Назарбаев пен АҚШ Президенті Б. Обаманың сәуір айындағы уағдаластықтарына сәйкес, АҚШ арнайы жүгін Ауғанстанға теміржол арқылы транзиттеу туралы екіжақты келісімге ағымдағы жылғы маусымның 20-сында Астанада қол қойылған.
«Бұнда «арнайы жүк» ұғымы доңғалақты, қарусыз брондалған техниканы білдіреді. Келісім Ауғанстанды тұрақтандыруға бағытталады және Орталық Азия қауіпсіздігіне оң әсер етпек. Елбасы осы келісімге саяси мән береді, өйткені бұл Ауғанстан мәселесін шешуге Қазақстанның қосатын нақті үлесі болмақ. Сонымен бірге, құжат Президент Н. Назарбаевтың еліміздің төңірегінде қауіпсіздік аймағын құру туралы аса маңызды сыртқы саяси мақсатына сай келеді», деді ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Қайрат Омаров. Оның айтуынша, транзит коммерциялық негізде іске асырылады. Яғни, АҚШ тарапы еліміздің аумағынан тасымалдау кезеңінде қызмет, жұмыс және алып өтетін тауарлар үшін төлем жасайды.
Мәжіліс мақұлдаған заң жобасы Парламент Сенатына жіберіледі.