Тараптар бес жылдық жоспар шеңберінде бітімгершілік және тілдік даярлық, мамандарды оқыту салаларындағы екі елдің қорғаныс ведомстволарының өзара іс-қимылымен қатар ынтымақтастық мәселелерін талқылады.
16:36, 25 Наурыз 2022
Қазақстан мен АҚШ арасындағы әскери ынтымақтастық мәселелері қаралды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Қорғаныс министрі генерал-лейтенант Руслан Жақсылықов пен Америка Құрама Штаттарының Қазақстандағы уақытша сенімді өкілі Джуди Куомен протоколдық кездесуі өтті. Бұл туралы ҚазАқпарат Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.