Қазақстан мен АҚШ аса маңызды минералдар туралы меморандумға қол қойды

ВАШИНГТОН. KAZINFORM —  Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Қазақстан Республикасы және Америка Құрама Штаттары арасында аса маңызды минералдар саласы бойынша ынтымақтастық жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Фото: Ақорда

Құжатқа ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев пен АҚШ Сауда министрі Говард Латник қол қойды. 

Фото: Ақорда

Айта кетелік Президент АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марк Рубиомен және Дональд Трамп Әкімшілігінің басқа да өкілдерімен кездесті.