Қазақстан мен АҚШ G20 саммиті алдындағы дайындықты талқылады

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаевтың АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марко Рубиомен телефон арқылы сөйлесуі өтті.

Коллаж: Kazinform

СІМ-нің мәліметінше тараптар кеңейтілген стратегиялық серіктестік шеңберіндегі екіжақты күн тәртібінің өзекті мәселелерін, сондай-ақ Мемлекет басшысының G20 саммитіне қатысуына орай АҚШ-қа алдағы сапарына дайындық барысын талқылады.

Сұхбат барысында Каспий құбыр консорциумына (КҚК) қатысты жағдай да егжей-тегжейлі талқыланды. 

Айта кетелік АҚШ президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты Майамиде өтетін G20 саммитіне шақырған еді.