Іскерлік кеңестің басты миссиясы - АҚШ Сауда палатасының кеңейтілген платформасы арқылы екі ел арасындағы экономикалық байланысты одан әрі тереңдету.
«Кеңес төрағасының қызметін Қазақстан экономикасына ең ірі инвестор болып табылатын Chevron компаниясы атқарады» дейді ведомствоның баспасөз қызметі.
Кеңестің хатшылығы вице-президент Хуш Чоксидің жалпы басшылығымен АҚШ Сауда палатасының арнайы аумақтық департаментінде орналасады.