Қазақстан мен АҚШ жастары бірлескен жобаларды жүзеге асырады

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан-Америка жастар форумы өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жастар ұйымдарының нетворкинг және тәжірибе алмасужобасы аясында өткен шараға АҚШ пен Қазақстан аумағында тіркелген жастарұйымдарының өкілдері мен екі елдің бірлескен жобаларына тартылған белсенділерқатысты.

Форумға ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрініңорынбасары Данияр Есин қатысып, өз құттықтауын жеткізді.

«Нұр-Сұлтанға қош келдіңіздер! Біздің қаланың ерекше миссиясы бар.Тұңыш Президентіміз-ЕлбасыНұрсұлтан Назарбаевтың дана саясатының арқасында астанамыз әлемде бейбітшілік қалыптастыруғабелсенді атсалысып келеді. Әлемдік діндер съезі сияқты ауқымды шараларға алаңұсыну дәстүрге арналған. Бүгінгі форумда сондай пайдалы шараның бірі болады деген үміт бар. Ең бастысы, биыл еліміздеЖастар жылы өтіп жатыр. Бүгінгі форум арқылы екі ел жастарының тығызқарым-қатынасын жолға қоя аламыз. Форум ғылым, мәдениет, спорт саласындағыбірлескен жобалардың жүзеге асуына жол ашып, үздік тәжірибелерді бөлісугемүмкіндік береді деген үміттеміз»,- деді вице-министр.

Форум аясында «Bolashaq» қауымдастығы, Азаматтықбастамаларды қолдау орталығы және «Kazakhstan Trade Council» бірлескенжобаларды жүзеге асыру бойынша үшжақты меморандум жасасты. Сондай-ақ, «JasOtan» және «Indiana University Fencing Club» арасында, «Астана жастары» және«Words Can Soar» халықаралық ұйымының арасында келісімдерге қол қойылды.

Соңғы жаңалықтар