Қазақстан мен әлем кинопремьералары: апталық шолу

АСТАНА. KAZINFORM — Осы аптада кинотеатрлар репертуары әртүрлі жанрдағы жаңа туындылармен толықты. Көрермен назарына отбасылық мультфильмдерден бастап, әлеуметтік драма, тарихи фильмдер мен триллерлер ұсынылды.

Фото: Kazinform / Kino.kz

Олардың қатарында отандық режиссерлердің де, шетелдік кинематографистердің де жаңа жобалары бар. Апта кинопремьералары туралы толығырақ Kazinform тілшісінің шолуынан оқи аласыздар.

Жүк көліктері (Грузовички) 6.4⭐️

Жанры: мультфильм, отбасы
Ұзақтығы: 80 минут
Ел: Ресей, 2026
Режиссер: Дмитрий Грачёв

Өмір бойы ата-анасымен бірге карьерде еңбек етіп өскен жас жүргізуші Саня бір күні кездейсоқ қала тұрғындарымен — КамАЗ айдаушысымен және көше сыпырушымен танысады. Бұл жаңа таныстықтар оған карьерден тыс жатқан кең де ғажайып әлемді танытады. Алайда кенеттен тауда жанартау атқылап, үлкен қауіп төнеді. Енді Саня достарымен бірге апатқа қарсы амал тауып, кеш болмай тұрып барлық жүк көліктерін бірігуге көндіруі тиіс.

Prada киген ібіліс 2 (Дьявол носит Prada 2) 8.2⭐️

Жанры: драма
Ұзақтығы: 120 минут
Ел: АҚШ, 2026
Режиссер: Дэвид Фрэнкел

Фильм Миранда Пристли мен оның бұрынғы көмекшісі Эмили Чарлтонның бақталастығы жайлы. Эмили қазір бастық әрі оның бәсекелесі. Басылымдық БАҚ дағдарысы кезінде олар жарнама табысы үшін күресуге мәжбүр, оның үстіне Миранданың зейнеткерлікке шығатын уақыты да таяп келеді.

Грация 7.7⭐️

Жанры: драма
Ұзақтығы: 133 минут
Ел: Италия, 2025
Режиссер: Паоло Соррентино

Италия президенті, ұстамды центрист Мариано де Сантис, өкілеттік мерзімінің аяқталуына жақындап, құрметті зейнетке кетуге дайындалып жүр. Оның қызы — адвокат әрі ең жақын кеңесшісі — Римнің католик әлеміндегі ерекше орнын ескере отырып, аса даулы эвтаназия туралы заң жобасын қарауына ұсынады. Осы сәтте президенттің алдында кешірім жасауға қатысты екі өтініш қатар жатады: бірі — Альцгеймер дертіне шалдыққан әйелін тұншықтырған қарт ер адамға, екіншісі — өзіне зорлық көрсеткен күйеуін пышақтап өлтірген жас әйелге қатысты.

Qara 6.9⭐️

Жанры: детектив, драма, триллер
Ұзақтығы; 93 минут
Ел: Қазақстан, 2026
Режиссер: Бауыржан Сыздыков

Студент Шыңғыс бейнебақылау камерасын сатып алып, оны пәтеріне орнатады. Күнделікті тыныш тіршілігін бақылап отырған сәтте, оның көзіне шынайы қылмыстың көріністері түседі. Осыдан кейін ол ауыр таңдаудың алдында қалады: араласып, өз өмірін қатерге тігу ме, әлде сырттай үнсіз бақылап қала беру ме. Сол сәтте оған күтпеген жерден байланыс орталығының қызметкері — бейтаныс адам көмектесуге ұмтылады.

Сиқырланған патшалық (Зачарованное королевство) 10⭐️

Жанры: шытырман оқиға, мультфильм, қиял-ғажайып, отбасы
Ұзақтығы: 93 минут
Ел: Ұлыбритания, АҚШ, Үндістан, 2026
Режиссер: Леон Джусен

Егіздер әкесінен қалған тілектерді орындай алатын сиқырлы сағатты тауып алады. Рождество қарсаңында ол оларды мифтік жаратылыстар мекендейтін Кейде жеріне бастап барады. Бұл ғажайып әлемде жыл мезгілдері бір күннің ішінде ауысады, ал жұмбақ тілектер жинаушы балалардың армандарын жүзеге асыруға көмектеседі.

Мен үшін өмір сүр 8.7⭐️

Жанры: драма, комедия
Ұзақтығы; 88 минут
Ел: Қазақстан, 2026
Режиссер: Дархан Саркенов

Балалар үйінде бірге өскен Бекен мен Тимурдың өмірі бала кезде болған бір оқиғадан кейін мүлде өзгеріп кетеді. Бекен тұйықталып, ауылда жалғыз өмір сүреді, ал Тимур қалаға кетіп, өз тіршілігін жасап жүреді.
Бекен қиын кезеңге тап болғанда, Тимур оны қалаға алып келеді. Ол шындықты айтпай, досына өмірдің жақсы жақтарын көрсетіп, адамдармен араласуға, өмірге қайта бейімделуге көмектескісі келеді. Бұл сапар екеуіне де өмір мен достықтың шын мәнінде не екенін түсіндіреді.

Менің шырышқа айналып қайта тууым: фильм «Көк теңіздің көз жасы» (О моём перерождении в слизь: фильм «Слёзы Синего моря») 8.5⭐️

Жанры: аниме, атыс-шабыс, шытырман оқиға, комедия, мультфильм, қиял-ғажайып
Ұзақтығы: 104 минут
Ел: Жапония, 2026
Режиссер: Ясухито Кикути

Римуру мен оның серіктері Аспан патшайымы Эльмесияның жеке курортына шақырту алады. Қысқа демалыстың рахатын көріп жатқанда, олардың алдында Юра есімді жұмбақ әйел пайда болады. Шексіз көгілдір теңіз аясында жаңа оқиғалар басталады.

Ладоганың періштелері (Ангелы Ладоги) 8.2⭐️

Жанры: драма, тарих
Ұзақтығы; 110 минут
Ел: Ресей, 2026
Режиссер: Александр Котт

1941 жылдың қарашасы, ең қаһарлы қыс енді басталды, Ленинград айнала қоршауға алынған кез. Жас буерші-спортшылардан құралған топ әлі толық қатпаған жұқа мұздың үстіне жолға шығады. Бастапқыда олардың міндеті – оқ-дәрі жеткізу еді. Бірақ күтпеген жерден бұл сапар уақытында эвакуацияланбай қалған балалар үйінің жетімдерін құтқару операциясына айналады. Кезінде кеме жарысындағы бұрынғы қарсыластар енді күш біріктіріп, басқаларға үміт сыйлап, өздерін аман алып шығулары тиіс.

Күзгі самал 7.8⭐️

Жанры: драма
Ұзақтығы: 104 минут
Ел: Қазақстан, 206
Режиссер: Адиль Мереке

Әйелі қайтыс болғаннан кейін Асанов теңіз жағасында жалғыз өмір сүретін қарияға айналады. Оның күндері тыныш әрі бірқалыпты өтеді. Жалғыз әуестігі — түнде суға түсу. Ол бұл әдетінен қысылып, жұрт көзінен таса болуға тырысып, тек түн жамылып шомылады.

Алайда бір түнде оның өмірін түбегейлі өзгертетін оқиға болады: ол өзіне қол жұмсамақ болған әйелді құтқарып қалады. Осы сәттен бастап қарияның байыпты тіршілігі күтпеген оқиғалар мен терең психологиялық өзгерістерге толады. Асанов үшін де, құтқарылған әйел үшін де өмір жаңа мәнге ие болып, өзгеше реңкке енеді — бұл жолда махаббат рухани тазарудың белгісіне айналады.

Өткен аптадағы кинопремьералар тізімін осы жерден көре аласыздар.
https://kaz.inform.kz/news/aptanin-kino-zhanaliktari-kanday-filmder-korermenge-zhol-tartti-d0b673/