Девис Кубогының жеребе тарту рәсімі жаңа форматта, қазақы нақышта өтеді деп жоспарлануда. Шараға Аргентина теннис федерациясының президенті Арманда Червоне, Халықаралық тенис федерациясының өкілі Ингрид Лофдаль-Бенцер, Дэвис Кубогының бас төрешісі Роберто Раньери және Қазақстан мен Аргентина командалары қатысады.
Теннистен Қазақстанның Ұлттық құрамасы сапында Михаил Кукушкин, Александр Недовесов, Дмитрий Попко, Денис Евсеев және команда капитаны - Диас Досқараев бар. Ал Аргентина құрамасының намысын Диего Шварцман, Гвидо Пелья, Иассимо Гонсалес және Андрес Молтени сынды теннисшілер қорғайды. Аргентина құрамасының капитаны - Даниэль Орсанич.
Айта кетейік, 15-17 қыркүйек күндері аралығында Астанадағы Ұлттық теннис орталығында Дэвис Кубогының Әлемдік тобына өту үшін Қазақстан-Аргентина арасында плей-офф матчы өтеді.