«Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Ермұхамбет Қоныспаев пен Армения Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Мнацакан Сафарян екіжақты ынтымақтастықтың, сондай-ақ халықаралық ұйымдар шеңберіндегі өзара іс-қимылдың өзекті мәселелері бойынша саяси консультациялар өткізді.
Тараптар достық пен өзара құрмет рухында қазақстан-армян қарым-қатынастарының үдемелі дамуын қанағаттанушылықпен атап өтті. Кең ауқымды мәселелер бойынша ынтымақтастықты одан әрі арттыру үшін елеулі резервтер барын айтты. Осыған байланысты нақты сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық жобаларды іске асыру үшін қосымша күш-жігер жұмсауға келісті», - делінген мәліметте.
Фото: gov.kz