Қазақстан мен Ауғанстан СІМ басшылары Сергей Лавровты Алматыда өтетін «Ыстамбұл үдерісі» кездесуіне шақырды

None
АСТАНА. 28 наурыз. ҚазАқпарат - Бүгін Мәскеуде ҚР Елшісі Ғалым Оразбақов ОФ СІМ басшысы Сергей Лавровқа бағытталған «Ыстамбұл үдерісі» жөніндегі министрлер кездесуіне шақыруды тапсырды,

деп хабарлады ҚР сыртқы саясат ведомствосының баспасөз қызметінен.

ҚР және Ауғанстан Ислам Республикасының елшілері - Ғалым Оразбақов пен Азизулла Карзай Ауғанстан бойынша Ресей президентінің арнайы өкілі, РФ СІМ екінші департаментінің директоры Замир Кабуловқа Сергей Лавровқа бағытталған, ағымдағы жылдың 26 сәуірінде Алматыда өтетін «Ыстамбұл үдерісіне» қатысушы-мемлекеттер министрлерінің кездесуіне Қазақстан және Ауғанстан сыртқы саяси ведомство басшыларының шақыртуын тапсырды.

Ғ. Оразбақов кездесу барысында Ауғанстандағы жағдайды тұрақтандыруда Ресейдің айрықша маңызды рөл атқаратындығына, министрлер кездесуінде «Ыстамбұл үдерісі» аясында өңірлік ынтымақтастықты кеңейтудегі бірлескен жұмысқа сүбелі үлес қосатындығына тоқталып өтті.

Ресейлік дипломат өз тарапынан Сергей Лавровтың осы шараға қатысатындығы оның «жұмыс кестесінде қарастырылғандығын» мәлім етті.

Бұл ретте, Замир Кабулов Қазақстанның халықаралық аренадағы ұстанымына ерекше мән беріп, Алматы жақын уақытта ядролық проблема бойынша халықаралық арағайындықтың «алтылығы» мен Иранның өкілдерін кезекті рет қабылдайтынын атап өтті.

Оның айтуынша, Қазақстан қазіргі халықаралық қарым-қатынастардың өзекті мәселелері бойынша «өзіндік хабқа, келіссөздер алаңына айналуда».