Сапар аясында ауғанстандық бизнесмендер екіжақты іскерлік кездесулерін өткізеді. Онда қазақстандық кәсіпкерлермен құрылыс, логистика, ауыл шаруашылығы, мұнай өнімдері сынды бағыттардағы ынтымақтастық перспективаларын талқылау жоспарланған.
Аталған іс-шараға еліміздің Индустрия және жаңа технологиялар, Өңірлік даму, Ауыл шаруашылығы, Көлік және коммуникация, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрліктерінің, сонымен қатар ұлттық компаниялар мен «Kaznex Invest» Ұлттық экспорт және инвестициялар жөніндегі агенттігі» АҚ-ның өкілдері қатысады деп күтілуде.