Инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы мақұлданды.
Аталған келісім 2010 жылғы 12 қаңтарда Венада жасалған. Келісімге сәйкес әрбір тарап инвестицияларға әділ әрі тең құқықтық режимді, олардың толық қорғалуы мен қауіпсіз болуын ұсынады. Сондай-ақ бір тарап екінші тараптың инвесторларына тиесілі инвестицияларды басқаруға, пайдалануға, қызмет көрсетуге, қолдануға, сатуға және жоюға заңсыз немесе кемсітушілікпен қарсы әрекет етпейтін болады.
Заң жобасы бойынша баяндама жасаған Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешевтің айтуынша, құжат екі ел арасындағы сауда-экономикалық байланыстарды одан әрі нығайта түседі.
«1995 жылдан бері Австриядан Қазақстанға 2,5 млрд. доллардан астам инвестиция тартылған»,-деді министр.