деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бұл шара Қазақстанға Австрияның машина жасау одағы делегациясының іссапармен келуіне байланысты жүзеге асып отыр.
Бүгін бизнес-форумнан кейін Қазақстан мен Австрияның машина жасау одақтарының арасындағы Меморандумға қол қойылады.
Мамырдың 11-і мен 15-і аралығында Австрияның машина жасау одағының делегациясы Астанада бірқатар шараларға қатысады. Ол басқосулар Мәжіліс депутаттарының қатысуымен өтеді.
Іссапар бағдарламасына сәйкес меймандар ҚР Индустрия және жаңа технологиялар, сондай-ақ экономикалық даму және сауда министрліктерінде, Астана әкімдігінде және бірқатар мекемелерде кездесулер өткізетіні жоспарланған.