Қазақстан мен Әзербайжан әлеуметтік сақтандыру саласында ынтымақтастықты күшейтеді

АСТАНА. KAZINFORM- Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры басқарма төрағасының орынбасары Марат Жәнібеков Қазақстан мен Әзербайжан арасында меморандумға қол қойылғанын мәлім етті.

Фото: Ағыбай Аяпбергенов / Kazinform

Оның айтуынша, бүгін Қазақстанның Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры мен Әзербайжан Республикасының Мемлекеттік әлеуметтік қорғау қоры арасында ынтымақтастық туралы меморандумға ресми түрде қол қойылды.

Фото: Ағыбай Аяпбергенов / Kazinform

- Аталған меморандум аясында тараптар өзара тәжірибе алмасып, әлеуметтік сақтандыру саласында бірлескен жұмыстар жүргізеді. Ынтымақтастық екіжақты форматта да, сондай-ақ халықаралық алаңдар шеңберінде де жүзеге асырылады, - деді ол.

Спикердің сөзінше, құжат Әзербайжан Республикасында Президент әкімшілігі деңгейінде келісілген. Ал ресми қол қою рәсімі Қазақстанда өткен салалық көрме аясында ұйымдастырылды.

Бұған дейін Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына шектен тыс салмақ түсірген облыстар белгілі болғанын жазғанбыз.

Фото: Виктор Федюнин/ Kazinform