ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті Әзербайжан Республикасының авиациялық билік орындарымен бірлесіп, халықаралық қатынасты қайта бастау және ашу жөніндегі жұмыс шеңберінде «Әзірбайжан Хава Йоллары» әуе компаниясының Баку – Астана және Баку – Алматы бағыттары бойынша тұрақты жолаушылар рейстерін қайта жаңғырту мәселесін пысықтады.
Осылайша, Әзербайжан әуе компаниясы ағымдағы жылдың 10 наурызынан бастап Баку – Астана бағыты бойынша аптасына 2 рейс жиілігімен (бейсенбі, сенбі күндері), сондай – ақ ағымдағы жылдың 11 наурызынан бастап Баку-Алматы бағыты бойынша аптасына 2 рейс жиілігімен (сәрсенбі, жексенбі күндері) тұрақты жолаушылар рейстерін қайта бастауды жоспарлап отыр. Рейстер А-319/Е-190/Б-757 типті әуе кемелерімен орындалатын болады.Қазақстан мен Әзербайжан астаналары арасындағы әуе қатынасын қалпына келтіру екі ел арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық, туристік және мәдени-іскерлік ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал ететін болады.10:16, 24 Қаңтар 2023
Қазақстан мен Әзербайжан астаналары арасында тікелей әуе рейстері қайта ашылатын болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан мен Әзербайжан астаналары арасында тікелей әуе рейстері қайта ашылатын болды, деп хабарлайды Азаматтық авиация комитеті.