- Ақтаудағы ұшақ апаты туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабыл алдым. Қазақстан Республикасының Әзербайжан Республикасындағы Елшілігінің атынан қаза тапқандардың жақындарына көңіл айтамын. Жандары Жәннәтта болсын! Зардап шеккендердің тез сауығып кетуін тілеймін. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен ұшақ апатының себептерін анықтау және бірінші кезектегі көмекті көрсету үшін Үкіметтік комиссия жұмыс істеп жатыр, - деді Елші.
Ол ккі елдің құзыретті органдары бірге қажетті шараларды атқарып жатқанын атап өтті.
- Қазақстанның медициналық мекемелері тиісті жәрдем көрсетіп жатыр. Ақтау қаласының көптеген жанашыр тұрғындары зардап шеккендер үшін қан тапсырып жатыр. Қазақстандықтар Әзербайжанның Елшілігі мен Бас консулдығына гүл шоқтарын апаруда. Қазақстанның Бакудағы Елшілігінде ту төмен түсірілді. Қазақстан мен Әзербайжан бұл сынақтан бауырластық пен өзара көмек рухында өтетініне сенімдімін. Біз біргеміз..., - деді Елші.
Еске сала кетсек, Баку- Грозный J2-8243 нөмірлі рейсін орындаған Embraer 190 ұшағы Ақтау қаласынан 3 шақырым жерде апатты жағдайда қонды.
Оқиға орнына ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі жеке құрамының 52 адамы мен 11 бірлік техникасы барды.
Апатқа ұшыраған ұшақ бортында Қазақстанның 6 азаматы болды.
ҚР Көлік министрлігі мәлім еткендей, Әзербайжан тарапының алдын ала ақпараты бойынша, бортта 62 жолаушы мен 5 экипаж мүшесі болған.
ҚР Президентінің тапсырмасымен Мемлекеттік комиссия құрылды.
Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасы Ақтауда Баку-Грозный рейсінде болған ұшақ апатынан зардап шеккендер туралы ақпаратты жаңартты.
Мемлекет басшысы Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевке көңіл айтты.
Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Ресей Федерациясының президенті Владимир Путинге телефон соқты. Президент Ильхам Әлиев телефон арқылы сөйлесу барысында AZAL жолаушылар ұшағының Ақтауда апатқа ұшырауына байланысты Санкт-Петербургте өтетін ТМД-ға мүше мемлекеттер басшыларының бейресми саммитіне қатыса алмайтынын айтты.
Әлиев Ақтаудағы ұшақ апаты салдарынан қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтты.
Сондай-ақ Шешенстан Республикасының басшысы Рамзан Кадыров Ақтау түбінде болған ұшақ апатынан қаза тапқандардың туыстарына көңіл айтты.
Үкімет комиссиясы Ақтаудағы ұшақ апаты орнында жұмысын бастады.