НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Әзербайжан үкіметаралық комиссиясының дайындық мәселелерін талқылау үшін Энергетика министрі Н.Ноғаев пен Әзірбайжан Энергетика министрі П.Шахбазов бейнеконференция форматында әңгімелесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ҚР Энергетика министрлігінің мәліметінше, коронавирус індетіне байланысты тараптар үкіметаралық комиссияны осы жылғы қазан айында бейнеконференция форматында өткізуге келісті.
Сонымен қатар, әңгіме барысында тараптар Қазақстан мен Әзірбайжанның ОПЕК аясында жүргізіліп жатқан жұмысын талқылады.
Бүгінгі таңда ОПЕК келісіміне қатысушылар қабылдаған шаралардың арқасында мұнай бағасының өзгеруі мен сұраныс және ұсыныс теңгерімін қалпына келтіру бойынша оң динамика байқалады.
Марлан Жиембай
Абай облысының Аягөз ауданында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін бітірген. 2005 жылдан бері "ҚазАқпарат" халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істейді.