Қазақстан мен Әзербайжан стратегиялық серіктестікті тереңдетуге бейілді екенін растады

АСТАНА. KAZINFORM — ҚР Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Әзербайжан Сыртқы істер министрі Джейхун Байрамовпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды СІМ-нің баспасөз қызметі.

Фото: Виктор Федюнин/ Kazinform

Сұхбат барысында тараптар Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы қатынастардың қарқынды дамуын жоғары бағалап, стратегиялық серіктестікті одан әрі тереңдетуге өзара бейілділігін растады.

Тараптар екіжақты күн тәртібінің өзекті мәселелерін, сондай-ақ өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі негізгі аспектілерді, оның ішінде Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес (АӨСШК) аясындағы ынтымақтастықты және 2026 жылғы қазанда Баку қаласында өтетін АӨСШК саммитіне дайындық барысын талқылады.

— Министрлер саяси диалогты кеңейтуге және сауда мен инвестициялар, өнеркәсіптік кооперация, көлік және логистика, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, сондай-ақ басқа да басым бағыттар бойынша практикалық өзара іс-қимылды одан әрі дамытуға дайын екендіктерін атап өтті, — делінген хабарламада.

Бұдан бұрын Құрық портында «Әзербайжан-Қазақстан теңіз кабельдік жүйесі» жобасының жаңа кезеңі басталғанын жазғанбыз.