Бұл туралы бүгін Бакуде Әзірбайжан Президенті Илхам Әлиевпен кеңейтілген құрамдағы келіссөздер кезінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Елбасы Қазақстан мен Әзірбайжан арасында екіжақты қарым-қатынас жоғары деңгейде екенін, бұл Әзірбайжанның бұрынғы Президенті Гейдар Әлиевтің кезінде мығым қаланғанын атап көрсетті. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы сапар қарсаңында сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі қазақ-әзірбайжан үкіметаралық комиссиясының отырысы өткенін айта келе: «Маған баяндағанындай, біздердің арасызда шешілмеген мәселелер қалған жоқ», деп атап көрсетті. «Мен Бакуде болмағаныма 4 жыл өтіпті. Содан бері қала жаңаша түрленіп, сән-салтанаты өзгерген», деп атап көрсетті ҚР Президенті.
Өз кезегінде Әзірбайжан Президенті Илхам Әлиев Қазақстан басшысының өз еліне сапарының нәтижесі табысты болатындығына, екі елдің қарым-қатынасын одан әрі дамытуға ықпал ететіндігіне сенім білдірді. «Біздердің арамызда өте тығыз тарихи байланыстар қалыптасқан. Біздің елдер халықаралық аренада өзара белсенді әрекеттеседі. Екіжақты қарым-қатынастар жақсы дамуда. Бірлесіп жүзеге асырылып жатқан нақты жобалар бар», деді И. Әлиев. Осы орайда Әзірбайжан Президенті Қазақстан басшысының өз еліне сапары және қабылданатын шешімдер мен қол қойылатын құжаттар екіжақты қарым-қатынасты дамыту үшін, сондай-ақ өңірлік ынтымақтастықты нығайту үшін маңызды болатындығына сенім білдірді.