Онда қазіргі тасымалдау тетіктерін кеңейту және жаңа мұнай құбырын салу мәселесі талқыланды. Бұл туралы бүгін Астанада өтіп жатқан IV Еуразиялық энергетикалық форум аясында журналистерге сұхбат берген «Қазэнерджи» қауымдастығының төрағасы Тимур Құлыбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оның сөзіне қарағанда, алдағы уақытта Қашаған кен орнындағы мұнай өндіру көлемі 50 млн. тоннадан асатын болады. Аталған өнімнің бір бөлігі 2012 жылға дейін кеңейтілетін «КТК» құбыры арқылы жіберілсе, қалғаны Әзірбайжан арқылы тасымалданатын болады. «Бүгінгі таңда біз «Баку-Тбилиси-Жейһан» құбырына қосылу аясында келіссөздер жүргізудеміз. Сондай-ақ әзірбайжандық әріптестермен Қара теңізге шығатын жаңа мұнай құбырын салуды талқыладық. Оның сыйымдылығы мен жалпы мұнай тасымалдау көлемін сарапшылар анықтайтын болады», - дейді Т.Құлыбаев.
Әзірбайжаның мемлекеттік ұлттық компаниясының президенті Ровнаг Ибрагимоглы Абдулавтың атап көрсеткендей, Қазақстанмен келіссөздер жүргізу барысында отандық өнімді тасымалдаудың жаңа жолдары қарастырылуда. «Бүгінде Қазақстанда өндіріліп жатқан мұнай-газ өнімдері күн сайын артып келеді. Осыған орай біз ескі тораптарды кеңейтумен қатар жаңа құбырды салу мәселесін де тыс қалдырып отырған жоқпыз», дейді Р.Абдулаев.