Ол экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттырып, оны әртараптандырып, өз кезегінде экономиканың өсімін қамтамасыз етіп, жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған. Бұл туралы Азия даму банкі хабарлайды.
Стратегия АДБ-мен серіктестікті дамытудың болашақтағы негізгі қағидаттарын айқындайды. Бұл ынтымақтастық Қазақстанның жоғарғы табысқа ие ел болудағы негізгі мақсаттарына жауап береді және соған сай келеді.
«Бүгін Қазақстан орта табыстан жоғарғы табыс елі деген мәртебеге ие болатын жолда келеді. Жаңа Стратегия Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік прогресін және сонымен қатар, ел дамуының басымдықтарын қолдауға бағытталған» - деді АДБ Қазақстандағы өкілдігінің директоры Гуангуи Ли.
АДБ-нің Қазақстандағы Басқару офисі ретінде, стратегияның басым бағыттарын құрылымдауға, оның қолдау формаларын айқындап, механизмдерін жүзеге асыруға Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі белсенді түрде қатысады.
«Елді дамытудағы Үкіметтің іске асырып отырған шараларын АДБ қызметінің күшейтуі үшін Стратегияны жасау кезінде АДБ мен Министрлік Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі дамуы Стратегиялық жоспарының негізгі бағыттарына иек артты», - деді Экономикалық даму және сауда министрлігі инвестициялық саясат департаментінің директоры Қуат Тұмабаев.
Серіктестік экономикадағы өндірісті жандандыру және әртараптандыруды дамыту мақсатында инфрақұрылымға инвестиция тартудың қажеттілігіне назар аударады. Уақыт өте жеке сектордың өсімді қамтамасыз ететін негізгі күшке айналу қажеттілігі де Стратегияда көрсетілген. Серіктестік жеке сектордың дамуы үшін бизнес ортаны қолдау шараларына баса назар аударады, себебі, мұнда жеке сектордың рөлін қолдау үшін сонымен жұмыс істеудегі негізгі бағыттар айқандалған.
Стратегия 1,6 млрд. АҚШ доллары шамасында 2012-2016 жылдар аралығындағы индикативтік инвестициялық бағдарламамен жүзеге асырылады деген жоспарлар бар. Негізгі қолдау формалары - білім алмасу, мемлекеттік секторға арнайы қарыздар, мемлекеттік-жеке сектор мен операциялар. Бұл қолдау түрлерінің мемлекет кепілдігін қажет етпейтінін еске сала кеткен жөн.
АДБ штаб-пәтері Манилада орналасқан, негізгі қызметі - ауқымды экономикалық өсім, экологиялық тұрақты өсім, аймақтық интеграция арқылы Азия-Тынық мұхиты аймағында кедейшіліктің деңгейін қысқартуға арналған. АДБ 1966 жылы құрылған, 67 ел банктің акционері болса, оның 48-і сол аймақтың өзінде орналасқан. 2011 жылы АДБ-нің қолдау көрсеткен қаржылық көмегі, бірге қаржыландыруды қоса алғанда - 21,7 млрд.АҚШ долларына теңесті.