Қазақстандық тараптан құжатқа Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы Сақташ Хасенов, ал БАӘ тарабынан Қоршаған орта және су ресурстары вице-министрінің орынбасары Жоғары мәртебелі Сұлтан Абдулла Сұлтан қол қойды.
Құжат екі ел арасындағы ветеринария саласындағы өзара ынтымақтастыққа жаңа серпін беруге бағытталған. БАӘ Қазақстан үшін тірі жануарлар мен оның өнімдерін, сондай-ақ азықтық дақылдарды экспорттауға мүмкіндік беруде.
Сондай-ақ, сапар барысында делегация мүшелері еліміздің мал шаруашылығы кешендерін аралап, ветеринариялық ұйымдардың жұмыстарымен танысты, деп хабарлайды ҚР АШМ баспасөз қызметі.