«Өткен жылы іскерлік байланыста үлкен іс тындырылды. Дубайда өткен жиында біз Қазақстанда не істеуге болатыны туралы көп ақпарат алдық. Өйткені көптеген адамдар оның тетіктерін білмейді. Бүгін біз бір-бірімізге бұрынғыдан да жақындаса түсу үшін келесі қадамдарды жасаймыз», - деді Біріккен Араб Әмірліктері Дубай қаласының сауда-экономикалық палатасының бас директоры Хамад Буамин. Оның айтуынша, Дубай жылдан-жылға өз экономикасын әртараптандыруға тырысып жатыр. Қазір онда сауда, туризм, логистика, қамтамасыз ету мен қаржылық қызмет экономика құрылымының үштен екісін құрайды. Сондықтан оны кеңейтуде Қазақстанмен ынтымақтастықтың әлеуеті өте үлкен. Мәселен былтыр екі ел үшін де соңғы 4 жылдағы ең сәтті жыл болды. Ал 2013 жылдың алғашқы тоқсанындағы өсім бұдан да жақсы жүруде. Ол шамамен 5-6 пайызды құрауда.
Х.Буаминнің сөзіне қарағанда: «2012 жылы сауда Дубай экономикасының үштен бірін құрады. Ол Дубай экономикасының негізі және қозғаушы күші болып отыр. Бұл таяу болашақта солай болып қалады. Сауданың өсімі былтыр 13 пайызды құрап, 300 млрд. доллардан 336 млрд. долларға дейін ұлғайды. Ол қаланың жалпы ішкі өнімінен 3 есе артық. 2013 жылдың алғашқы тоқсанында бұл 16 пайызды құрап отыр».