«Тараптар «Инвестицияларды өзара қорғау және ынталандыру туралы», «Туризм саласындағы ынтымақтастық туралы», «Жолаушылар мен жүктерді халықаралық автокөліктік тасымалдау туралы» маңызды екіжақты құжаттарға қол қоюға дайындықты жалғастыруға келісті», - делінген хабарламада. Баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, екі жақ, сонымен бірге, жуырда Астанада бірлескен Қазақстан-Әмірлік парламентаралық комиссиясының алтыншы отырысын өткізу туралы пікірлерімен алмасты. Қазіргі уақытта ҚР мен БАӘ арасында орнықты келісілген-құқықтық база құрылған, ол 40 құжаттан тұрады және онда екіжақы ынтымақтастықтың барлық салалары қамтылған. Қазақстандық елші әмірліктегі әріптесін Қазақстанның 2014-2020 жылдарға арналған Сыртқы саясатының концепциясымен таныстырды. Ол біздің екі ел арасында берік саяси байланыстар орнағанын және оның сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты одан әрі жандандыруға септесетінін атап өтті.
09:37, 18 Наурыз 2014
Қазақстан мен БАӘ инвестицияларды өзара қорғау туралы келісімшартты әзірлеуде
ӘБУ-ДАБИ. ҚазАқпарат - Қазақстан мен БАӘ инвестицияларды өзара қорғау туралы келісімшартты қол қоюға дайындап жатыр. Бұл туралы Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Қазақстан елшісі Қайрат Лама Шариф пен БАӘ-нің мемлекеттік сыртқы істер министрі доктор Әнуар Гаргашпен өткен кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан елшілігінің баспасөз хабарламасында жазылған.