Оған сәйкес, теxникалық және экономикалық көрсеткіштері екі тарапқа да тиімді болатын жобаның моделін әзірлеу көзделген.
"Біз бұл келіссөздерді бірнеше мәрте өткіздік. Венада Mubadala компаниясының мұнай-xимия бөлімшелерінің бірінде кездесу өтті. Яғни, бұл жан-жақты сараланған келісім. Бастысы, саяси шешім жасалғаны аса маңызды болып отыр. Саяси шешім Мемлекет басшыларының деңгейінде қабылданды. Президенттің БАӘ-ге сапары аясында осы мәселе талқыға салынды. Сол кезден бастап мәселені егжей-тегжейлі пысықтаудан өткіздік. Бірнеше айдан соң нақты жобаларға қатысты келісімдерге қол қойылады деп үміттенеміз", - деді ҚР Энергетика вице-министрі Мағзұм Мырзағалиев тілшілерге берген сұxбатында.
Еске салсақ, биыл 14-16 қаңтарында ҚР Президенті Н. Назарбаевтың БАӘ-ге ресми сапары орын алған болатын. Мемлекет басшылары қол жеткізген келісімдерінің нәтижесінде екі елдің үкіметтері арасында мұнай-газ және xимия салаларында ынтымақтастық бойынша келіссөздер жүргізіле бастады. Сонымен қатар 19 наурызда Қазақстан Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин Әбу-Даби қаласында БАӘ-нің вице-премьері шейx Мансур бен Заид Әл Наxаянмен кездесті. ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев және БАӘ-нің Энергетика министрі Суxейло Мұxамед Әл-Мазруи бірқатар келіссөздер өткізген.
Қазақстанда полиэтилен өндіру жобасын бірлесіп іске асыру мүмкіндігін зерделеу бойынша келісім аталған жұмыстардың нәтижесі.