Бұл мәселелер ҚР Парламенті Мәжілісінің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшелері мен Башқұртстан депутаттарымен болған кездесуде әңгіме болды.
Мәжілістің аталған комитетінің төрағасы Сейітсұлтан Айымбетов меймандарға өзі жетекшілік ететін комитеттің атқарып отырған қызметі жайлы жан-жақты әңгімелеп берді. Еліміздің экономикалық өрлеуі дер кезінде қабылданған заңдарға байланысты екені анық.
16:50, 18 Наурыз 2011
Қазақстан мен Башқұртстан депутаттары экономика мәселелерін талқылады
АСТАНА. 18 наурыз. ҚазАқпарат - Экономикалық қайта құрылым, өңірлік саясат, жергілікті өзін өзі басқару және осы салаларды заң жолымен реттеу, заңдарды жетілдіру.