Аталған құжатқа Қазақстан Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев және Беларусь Премьер-министрінің бірінші орынбасары Василий Матюшевский қол қойды.
Б. Сағынтаев хабарлағандай, отырыс барысында 2014-2016 жылдарға арналған екі ел арасындағы ынтымақтастықты дамыту іс-шараларының Жол картасы өндіріс саласында, соның ішінде халықаралық қатынастағы машина құрылысы, өндіріс, ауылшаруашылық және техникалық өнеркәсіп, сондай-ақ көлік, сәулет және құрылыс салаларында екі жақты өзара іс-қимыл мәселелерін қамтиды.
«Аталған Жол картасы шеңберінде осы бағыттағы іс-шарада қарастырылған өндірістік кооперация, тауарды өзара тасымалдау және қызмет, ауыл шаруашылығы, көлік, халықаралық ынтымақтастық, инвестиция, шағын және орта бизнесті дамыту және т.б. 64 бірлескен өнеркәсіп жобалары іске асырылуда», - деп мәлімдеді Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары.