Қазақстан мен Беларусь арасында сауда-экономикалық және мәдени байланыстар табысты дамып келеді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Парламент Мәжілісі халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Мәулен Әшімбаев Қазақстандағы Беларусь Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Анатолий Ничкасовты қабылдады. Әңгіме барысында тараптар екіжақты қарым-қатынасты нығайту мәселелерін талқылады. Бұл туралы Мәжілістің баспасөз қызметінен хабарланды.

Жүздесу барысында Қазақстан мен Беларусь елдері сенімді саяси, экономикалық әріптес елдер екеніне, еуразиялық экономикалық одақ аясында тығыз өзара әрекеттесетін мемлекеттер екеніне назар аударылды. Екі мемлекет басшыларының жоғары деңгейдегі байланыстары арқасында елдер арасында сауда-экономикалық және мәдени байланыстар табысты дамып келеді. Бұдан бөлек, тараптар екі елдің Парламенті өзара қарым-қатынастар бойынша ел басшыларының бастамаларына заңнамалық қолдаулар жасалатынын атап өтті. Бұдан бөлек, жүздесуде Қазақстан Парламент Мәжілісінің спикері Б. Ізмұхамбетов бастап баратын делегацияның ресми сапары туралы әңгіме өрбіді. Сонымен қатар, кездесуде Беларусь елінде ағымдағы жылдың 11 қыркүйегінде өтетін Өкілдер палатасының депутаттарын сайлауы туралы сөз болып, оған ТМД ПА байқаушылар миссиясын Мәжіліс вице-спикері В.Божко бастап баратыны айтылды.