«Қазіргі уақытта Қазақстанда Беларусь капиталының қатысуымен 340-қа жуық кәсіпорын жұмыс істейді. Осы ретте сегіз бірлескен кәсіпорын ірі өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы техникасын шығарумен айналысады. Біз осы компаниялардың тиімді жұмыс істеуіне қатысты мәселелерді жан-жақты талқыладық», - деді Қазақстан Президенті
Мемлекет басшысының сөзіне қарағанда, ауыл шаруашылығы және әскери-техникалық ынтымақтастық салалары бойынша қосымша бірлескен екі-үш жобаны жүзеге асыру мүмкіндігін қарастыру жөнінде келісімге қол жеткізілді.
«Кеше Нұр-Сұлтан қаласында өткен қазақ-беларусь бизнес-форумы іскерлік байланыстарды ілгерілетуге тың серпін берді. Форумның қорытындысы бойынша 11 келісімшартқа қол қойылды», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.