Қасым-Жомарт Тоқаев Александр Лукашенконы Беларусь Республикасының Президенті сайлауындағы жеңісімен құттықтады.
Тараптар екіжақты күн тәртібінің, сондай-ақ өңірлік және халықаралық ұйымдар аясындағы өзара ықпалдастықтың өзекті мәселелерін талқылады.
Осыған дейін Лукашенконың Беларусьтегі президент сайлауында жеңіске жеткенін хабарладық.
Орталық сайлау комиссиясының алдын ала мәліметтеріне сәйкес, Александр Лукашенко дауыс беру қорытындылары бойынша 86,82 пайыз дауыс жинаған.